2021 жылдың 26-29 наурыз аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай XVI Халықаралық «JULDYZAI» балалар шығармашылық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті. Бұл іс-шараға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысады, ұйымдастырушы Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы болды.
Карантиндік шектеу шараларына байланысты XVI Халықаралық «JULDYZAI» балалар шығармашылық байқауы онлайн режимде 4 номинация бойынша өтті.
Біздің мектеп-интернаттың оқушылары белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
- «Вокал» номинациясы бойынша I орын - «Наурыз көктем» әнімен 8 сынып оқушысы Сатай Дильназ, жетекшісі Кабдуллина А.Н.;
- «Хореография» номинациясы бойынша I орын - «Тырналар» биімен хореографиялық ұжым, жетекшісі Дорошенко С. И.
Байқау іріктеуінің жеңімпаздары енді республикалық фестивальде облысты таныстырады.