26.05.2026
Ақмола облысының білім басқармасы “Степногорск қаласы, #3 арнайы мектеп-интернаты” КММ
25 мамыр “Сыңғырла соңғы қоңырау” атты салтанатты жиын өткізілді. Биыл 10”А”, 10”Б”, 10”В” сынып оқушылары мектеп қабырғасынан кетіп, түлек атанып, жаңа өмірге қадам басқалы жатыр. Салтанатты жиынды мектеп басшысының міндетін атқарушы Т.Ш.Тлеужановна өз құттықтау сөзімен бастап, кейін ата-аналарға алғыс хат және сабақты жақсы оқыған оқушылар мен мектеп өміріне белсенді қатысқандарды мадақтамалармен марапаттады. Түлектеріміз өздері ұстаздарына жане ата-аналарына дайындаған өлеңдерін оқып, тілектерін білдіріп, әндерін айтып, билерін биледі. Ата-аналарда балалары мен ұстаздарына өз жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты жиынды ұйымдастырған 10”А”, 10”Б”, 10”В” оқушыларының сынып жетекшілері И.П.Шовкань, А.Т.Кульмагамбетова, Т.З.Килярская түлектеріне ізгі тілектерін білдіріп түлектерімізге жеке-жеке естелік ретінде дипломдарын таратты. 10”Б” сыныбындағы Ақбота түлегіміздің туысқандары келіп қазақтың салтымен шашуын шашып түлектерімізді, келген қонақтарымызды бір қуантты. Бұл жиын арасында 3 А сынып оқушылары да түлектерімізді құттықтап өлеңдерін оқыды. Сынып жетекшісі Б.К.Магауина. Салтанатты жиынымыздан кейін мектеп түлектеріне арнайы мектебіміздің атынан дастархан жайлып тәттілер, етті пирогтар шәй берілді.