"Степногорск қаласы, № 3 арнайы мектеп-интернаты" КММ

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамына байланысты “Қош келдің әз Наурыз” атты

19.03.2025

Степногорск қаласы, #3 арнайы мектеп-интернаты Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамына байланысты “Қош келдің әз Наурыз” атты мерекелік іс - шараны жоғары деңгейде өткізген дефектолог, кәсіби еңбек пәнінің мұғілімі- Б.С.Касенова және қазақ тілі пәнінің мұғалімі-А.Т.Кульмагамбетова.
Мерекені Наурыз амандық,жақсылық әкелсін деген ырыммен“Шашу” рәсімі өткізілді. Мектеп басшысының м.а. Ш.Т. Таурбаева құттықтау сөзін сөйледі. Әрі қарай мерекеміздің басты қонағы Қыдыр атамызды ортаға шақыртып, батасын алдық. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрімізге, ұлттық тағамымызға байланысты сұрақтар да болды. Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы -Наурыз көже екенінде сөзге тие кетті. Оған қосылатын жеті түрлі тамдарды да атап өттік.( Ет, май, тұз, сүт, бидай, құрт, су). Наурыз айында адамдар ренжіскен болса бір-бірінен кешірім сұрайды, бір-бірлеріне ақ тілектерін айтып, құшақ жайып, төс соғысып сәлемдеседі деп оқушыларман “Сәлемдесу” рәсімі де көрсетілді. Ұлттық ойындарды атап өтіп, соның ішінде қол күресі және асық ату ойындары ойнатылды. Балалар жаттап келген өлеңдерін оқып, әндерін айтып, билерін биледі. Бұл мерекелік іс- шарамызға оқушыларымыз белсене қатысты, әрі қызықты болды. Әр ойын соңында оқушыларымызға тәттілер таратылды. Өткізілген іс-шараны 10 сынып оқушысы- Касымова Назгүл қазақ биімен аяқтады.

Просмотров: 645


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст