"Степногорск қаласы, № 3 арнайы мектеп-интернаты" КММ

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Назар аударыңыз! Бос орындар!

30.07.2025

Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, №3 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі (мекен-жайы: Ақмола облысы Степногорск қаласы, 4-шағын аудан, 48-ғимарат, электронды поштасы Stepnokor@yandexs.kz) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос лауазымдарына орналасуға конкурс ұйыдастырылады. Ұйым:

1. Қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары – 1 мөлшерлеме.

2. Орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдеріне – 1 мөлшерлеме.

3. Орыс тілінде оқытатын логопедтер – 1 мөлшерлеме.

4. Орыс тілінде оқытатын дене шынықтыру мұғалімдеріне – 1,5 мөлшерлеме.

5. Орыс тілінде оқытатын жалпы еңбек оқыту мұғалімдеріне – 1,5 мөлшерлеме.

6. Орыс тілінде оқытатын музыка және ән мұғалімдері – штаттық бірліктен 0,5 мөлшерлеме.

7. Орыс тілінде оқытатын бейнелеу өнері мұғалімдері – штаттық бірліктен 0,5 мөлшерлеме.

Өтініштер 2025 жылдың 1 тамызынан бастап 2025 жылдың 11 тамызына дейін қабылданады.

Барлық үміткерлердің «Арнайы білім» (дефектология) мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе осы сала бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

3) толтырылған жеке есеп парағы (бар болса, нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);

4) педагогикалық қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

7) жүйке-психикалық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) аттестаттаудан өту нәтижелері туралы куәлік немесе модератор оқытушыдан төмен емес қолданыстағы біліктілік санаты бар екендігі туралы сертификат (бар болса);

10) нысан бойынша бос оқытушы лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы. 11) тәжірибесі жоқ үміткерге арналған, ұзақтығы 15 минуттан кем емес, ең аз рұқсаты 720 x 480 бейнебаян.

Просмотров: 336


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст