09.09.2025
Қасым Жомарт Кемелұлы күні кеше ел халқына жолдаған Жолдаудың жетінші бөлімінде экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттерді жүктеді. Бұл жерде білім беру саласына айрықша назар аударылды.
“Келешек мектептері” ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрғанын айтты.
Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгеріп жатқанын айтып, әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл сайын артып келетінін мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастағанын және сонымен қатыр жасанды интелектімен жұмыс істеу құзыретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алу қажеттігін тілге тиек етті. Ұстаздардың да жасанды интелект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керектігіне тоқталды.
Елімізге кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмысшылар қажет екендігін айқындады.