Ақмола облысы Степногорск қаласы №3 арнайы мектеп-интернатында жалпы мектепішілік "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты салтанатты жиын 1 маусым 2023 жылы өткізілді. Жауаптылар: дефектолог, еңбек мұғалімі- Б.С Касенова;
дефектолог және қазақ тілі әдебиеті мұғалімі- А.Т.Кульмагамбетова. Жас түлектерге мектеп басшысының м.а. - Шовкань И.П өз жылы лебізін білдіріп, мектеп өміріне белсене қатысқан оқушыларды Мадақтама, алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар бастауыш сыныптары мен 9 сыныптар да Жас түлектерге дайындаған өлеңдерін оқып, билерін биледі. Бұл жиын соңында түлегіміз- Сатай Дильназ "Соңғы қоңырау" әнін жолдап, келесі түлегіміз- Хамит М, 3 сынып оқушысы- Казизова А , мен соңғы рет қоңырау үнін естіртіп аяқтады. Келешекте Жас түлектеріміз өз таңдаған мамандық иелері атануға тілекшіміз.