Текст
Бүгін КММ Степногорск қаласы « №3 арнайы мектеп-интернаттында» Республика күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Мектеп басшысының м.а.Таурбаева Ш.А. ұжымды, оқушыларды құттықтады. Мереке күніне орай мектеп ішінде "Мəнерлеп оқу" байқауы ұйымдастырылып, үздік өлең оқығандар мерекелік шарада марапатқа ие болды. Оқушылар өлең айтып, тақпақтар оқып Республика күніне тарту етті.