29.11.2023
«111 Жедел қызметi» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздерiне көмек қажет екендiгi туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлiкте жалғыз қалғаны туралы, өмiрiне және денсаулығына қауiп төнiп тұрғандығы, зорлық-зомбылық немесе қатыгездiк жасалынғандығы туралы хабарлауға немесе бiреу балаларға қауiп төндiретiн объектiнi, мысалы, ашық люктi, қауiптi жоғары вольтты электр желiсiн, ашық су көзiн көргенiн хабарлау үшiн ашылды.
«111» нөмiрi — 24/7 жұмыс iстейдi;
«111» нөмiрi — конфиденциалды;
«111» нөмiрi — тәулiк бойы IIД және өңiрлiк жедел әрекет ету топтарымен байланыста;
«111» нөмiрi балалардың, отбасы мен әйелдердiң құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтiнiштер қабылдайды;
Барлық қоңыраулар тiркеледi. Әрбiр қоңырау шалушыға мәселе бойынша қандай шаралар қабылданғаны туралы керi байланыс берiледi.
Әрқайсымыздың бұл тақырыпқа барынша ден қоюымыз маңызды. Баланың, әйелдердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенiне күдiк туған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдiк төзiмдiлiк танытып, «111»-ге хабарлау қажет.
Әрқайсымыз «111» нөмiрiне құқық бұзушылық туралы дер кезiнде хабарлау арқылы отбасының, әйелдер мен балалардың қорғаушысы бола аламыз және болуға тиiспiз.