2016 жылдың «Степногорск қаласының ақыл-ой бұзушылықтары
мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 3 арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ
мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша
ЕСЕПТЕМЕ
Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бесінші жыл өзекті мәселенің бірі болып тұр. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі жеңілдетілді, әкімшілік тосқауылдар мен мезгілдер қысқартылды. Адамдардың ақпарат, телевондар табуға, мемлекеттік қызмет көрсету туралы есептемелермен танысуға және оны көпшілік алдында талқылауға мүмкіндіктері бар.
Біздің мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасын арттыру шаралары облыстық жоспар негізінде мектеп директоры бекіткен жоспар бойынша шаралар өткізілді. 2016 ж. Мемлекттік мекемеде, яғни мектеп-интернатында мына мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
1. 403004 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын
балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» – 5.
2. 403005 «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» – 52.
3. 803006 «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» – 0.
4. 803019 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» – 0.
БАРЛЫҒЫ – 57.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің барлығы белгіленген мерзімде орындалды. Көрсетілген қызметтерге шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер туралы барлық керекті ақпараттар өтініш жазудың үлгілерімен стендта бар (мемлекеттік және орыс тілінде). Сонымен қатар ата-аналарға, түлектерге (қызмет алушыларға) арналған кітапшалар (ақпараттық парақшалар) бар,онда мемлекеттік қызметті рәсімдеуге қажетті құжаттар пакеті көрсетілген.
2016 жылы мектептің ұжымымен мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламеттерін түсіндіретін төрт семинар-кеңес өткізілді.(25.01.2016ж.,30.03.2016ж., 29.08.2016ж.,29.11.2016ж.).
Мемлекеттік қызмет туралы мәліметтер мектеп сайтында және Ақмола облысының білім басқармасында және ҚР Білім және ғылым министрлігінде бар:http//sc 0023.stepnogorsk. akmoedu. kz/.
2016 жылдың қыркүйегінде қалалық БАҚ-та қазақ тілі және орыс тілдерінде «№3 ОАТМИ-дегі Мемлекеттік қызметтер» мақаласы жарияланды. (01.09.2016 ж «Новая» газеті № 36 ).
Тиімді және нәтижелі жұмыстың негізі әрқашан жауапкершілік болды. Егер мемлекеттік органдарда еліміздің азаматтарына мемлекеттік қызмет көрсететін жауапкершілік болса, онда қоғам да олардың жұмысын қоғамдық бақылау арқылы әділ және анық бағалай білулері керек.
Степногорск қ., № 3 ОАТМИ мемлекеттік қызметтерге жауапты С.Е. Неделкина С.И. Кучугова