«Степногорск қаласы, ақыл-ой бұзушылықтарымен присихикалық дамуы кеш балаларға арналған №3
облыстық арнайы түзету мектеп интернаты»КММ
ҚР тәуелсіздігінің 25
жыл толуына орай алдын ала ұйымдастырылған іс-шара «Мәңгілік ел» атты мерекелік
концерт болып өтті.
Мақсатымыз Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін
қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық
қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылды.Қанша жыл,
қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл үйдің әңгімесі
емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғалам тарихи оқиғалардың бірі. 1986 жылғы
Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі
сақталады.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан
Тарихы оның әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп халқымды
Талай боздақ қара жерді жастанған...
Құттықтауы сөз еліміздің 25 жылдық тәуелсіздік күніне арналған
мерекемізге байланысты мектебіміздің
басшысы Мартышева Наталья Владимировна құттықтады. Құттықтау сөз артынан үлкен
мерекелік ән шашуымыз жалғасын тауып, оқушыларымыз отаныма деген ән айтып,би
билеп, жүрек жарды тақпактарын жеткізді. Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы
мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп
тілейміз.Егеменді елдің болашағы жас
ұрпақ ! Сіздерге зор денсаулық, көнілдеріңе шаттық тілей отырып,атар әрбір
таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп мерекемізді «Атамекен» әнімен аяқтадық.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары :Рахимбеков Е.Ж