«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында Ақмола облысы білім басқармасының “Степногорск қаласының, #3 арнайы мектеп-интернаты”КММ
5 қыркүйек және 22 қыркүйек айының аралығында Халықаралық тілдер күні мерекесіне байланысты “ Тіл достықтың-дәнекері” атты мектепішілік мерекені 8-10 сыныптар аралығында орыс тілі пәнінің мұғалімі, дефектолог- Т.З. Килярская, қазақ тілі пәнінің мұғалімі, дефектолог: А.Т. Кульмагамбетова өткізді. Бұл іс-шара ҚР-ның тұңғыш президенті Н.ӘНазарбаев пен екінші президентіміз Қ.Ж.Кемелұлының тілге байланысты жазылған ұлағатты сөздерімен басталды. Содан кейін ұлт ұстазы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, түркітанушы, педагог аудармашы, ағартушы, қазақтың ақыны Ахмет Байтұрсынұлының ана тілімізде өмірбаяны баяндалып, орыс тілінде шағын видеосы көрсетілді. Оқушыларымыз жаттаған ақын-жазушылардың өлеңдерін оқып, ұлағатты сөздерін айтты. Сонымен қатар қазақша “Сәлем” сөзінің басқа тілде баламалары айтылды. Мерекеміздің соңында “ Күн әлемі” әнінің шығу тарихы баяндалып, оқушыларымыз әнді орындаумен аяқтады. Іс-шарамызды мектеп мұғалімдері мен бастауыш сынып оқушылары тамашалады.